15.07.2016, 10:17
Оқылды: 16

Айта берсең көп-ақ...

????????????????????????????????????

Теректі ауданында №17 сайлау округі бойынша облыстық мәслихат депутаты, «Uniserv» ЖШС-нің бас директоры Нұрғазы Сәтбаев «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кеңсесінде теректілік азаматтарды қабылдады.


Кездесуге 8 адам келіп,  өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын ортаға салды. Қабылдауға жазылған азаматтарды негізінен тұрғын үй, жолтөңірегіндегі мәселелер ойландырады екен. Ақсуат ауылдық округі қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы Қымбат Көселбаева жерлестерінің аманаттаған бес мәселесін депутат алдында жайып салды. Әсіресе, округке қарасты жолдарды жөндеу, электросымдарын ауыстыру, су жүргізу жұмыстары, жерге кезекке тұру, балабақшаның тарлығы жөнінде мән-жайды жіті түсіндіріп, көмек сұрады. Подстепныйдан аяқтай таяғына сүйеніп келген қария Абылай Меңдіғалиев ауылға су өтетін арық қазылса және жастарға мәдениет үйі салынса деген өтініш білдірді. Ауданымыздың Құрметті азаматтары мен мешіттің бас имамы Х.Сыдықов орталыққа мешіт салуға қолдау көрсетсеңіз деп, бұйымтайларын айтты.

  • Маңызды мәселелерді көтерулеріңіз орынды. Қолымнан келетін істі мен өз жауапкершілігіме толық ала аламын. Алайда, кейбіріңіздің өтініштеріңізді орындау қолымнан келмейді. Өздеріңіз түсінесіз ғой, депутат болғаныммен бәрі менің құзырымда емес. Дегенмен, жоғарыдағы басшылармен бірлесе талқылап, шешімін табуға тырысамын, - деді Нұрғазы Сәтбайұлы.

Халықтың қалаулысына айналған депутатымыздан күтеріміз мол. Ендеше, көп күттірмейәр мәселенің түйіні табылады дегенүміттеміз.

www.zhaikpress.kz
Күлімхан Тасенова

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале