7.11.2016, 11:04
Оқылды: 28

Алматыдан жеткен аманат

%d0%b0%d0%bb%d0%bc%d0%b0%d1%82%d1%8b%d0%b4%d0%b0%d0%bd-%d0%b6%d0%b5%d1%82%d0%ba%d0%b5%d0%bd-%d0%b0%d0%bc%d0%b0%d0%bd%d0%b0%d1%82   Ақ қарлы Алатаудың бөктеріндегі ару қала Алматыдан  Шыңғырлауға сәлемдеме келіп жетті. Біреуінің өзі, біреуінің әкесі шыңғырлаулық қос апамыз сәлемдеме сый жолдапты. Екі қорап ағаш көшеттері.

         Сәлемдемені жолдағандар жерлес апамыз Толқын Қазмағанбетова мен академик Лұқпан Қылышевтің қызы Алма Қылышева.


Аудан әкімі Альберт Темірболатұлы жасы сексеннен асқан апайдың ауданды абаттандыру жөніндегі іс-әрекетіне риза болды. Ағаш тұқымдарын егу жөнінде аудан басшысымен ақылдасып, ішкі саясат бөлімі басшысы Анар Аманкелдіқызы мен орман шаруашылығының басшысы Нұрлан Ықсанұлының ұйымдастыруымен игі іс атқарылды. Емен, каштан ағаш тұқымдары орталық саябаққа егілді. Бір қуаныштысы: дәрігер апаларының беріп жіберген аманатын жас дәрігерлер мен орманшылар өз қолдарымен отырғызды. Аманат орындалды деуге болады. Ал қалған тұқымдар аудандық орман шаруашылығы мекемесінің көшеттер өсіретін арнайы орындарына егілді.

Адақ Шотпанов

Шыңғырлау ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале