21.09.2016, 9:41
Оқылды: 15

«Альтернативниктің» қорытындысы

%d1%81%d1%83%d0%b4Ақжайық аудандық №1 пробация қызметі бір аптаға созылған «Альтернативник» республикалық профилактикалық шарасын өз аумағында белсенді өткізді.

Ағымдағы жыл басынан бұл пробация қызметі есебінен  қоғамнан оқшаулаусыз сотталған 120 өтті, яғни өткен жылғымен салыстырғанда, есепте тұрғандардың саны бір шама артты. Өйткені, түзеу мекемелерінен босатылып жатқандардың саны да аз емес. Аталған іс-шара кезінде солардың 68-і тұрғылықты жері, жұмыс орны, оқу орындары бойынша тексерілді. Осы жолғы профилактикалық шара кезінде тек 1 сотталған тұлғадан басқалары өздерін түзелу жолына түскен азамат ретінде көрсетті. Ал бостандықтың қадірін түсінгісі келмеген, құқықбұзушылықтарын жалғастырған Чапаев ауылынан С. қайтадан бас бостандығын айыру жазасына сотталып, түзеу мекемесіне жіберілді.

– Аталған профилактикалық шараның негізгі мақсаты жазасын өтеушілерді қоғамды және адам және азаматтардың құқықтарын сыйлауға тәрбиелеу болып табылады.  Осындай жұмыстарға қазіргі уақытта тек ішкі істер органдары ғана емес, жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік емес ұйымдар да атсалысуда. Осының нәтижесі болар, соңғы жылдары  қоғамнан оқшаулаусыз жазаларға сотталғандар арасында қылмыстарға жол беру әлдеқайда азайды,-дейді аталған пробация қызметінің аға инспекторы Нұрлан Самиғалиев.

Бекем БЕКҰЛЫ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале