5.08.2016, 18:05
Оқылды: 34

«Жылдар жаңғырығы» атты М. Қауымбаеваның кітабының тұсаукесері өтті

Ақжайық ауданындағы Есенсай ауылы ардагерлер кеңесінің төрайымы, баспасөздің белсенді жанашыры және авторы Мерует Қауымбаеваның «Жылдар жаңғырығы» атты кітабының тұсаукесері өтті. Китап (М.Кауымбаева)Кітапта оның бұрын және соңғы кезде облыстық және аудандық газеттерде шыққан түрлі тақырыптағы мақалалары енгізілген. Ардагер жылдар жүзінде отбасы құндылығы, Ұлы Отан соғысы кезіндегі майдан мен тылдағы ерлік туралы ондаған мақаласымен аудан шежіресіне сүбелі үлес қосушылардың бірі болып табылады. Шарада ауылдық округ әкімі Құмар Арыстанғалиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Альмира Мұшағалиева, аудандық кітапхана әдіскері Айнұр Жылқайдарова, апамыздың туысы Манира Ойшыбаева, ардагер-ұстаз Күләш Жұмағазиева ізгі тілектерін білдірді, М.Қауымбаеваның немерелері өнер көрсетті.

Бекем Бекұлы

Ақжайық ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале