8.11.2016, 11:11
Оқылды: 19

Ауыл үздіктерін таныды

%d0%b0%d1%83%d1%8b%d0%bb-%d2%af%d0%b7%d0%b4%d1%96%d0%ba%d1%82%d0%b5%d1%80%d1%96%d0%bd-%d1%82%d0%b0%d0%bd%d1%8b%d0%b4%d1%8bЗеленов ауданы Переметный ауылдық округі ауыл үздіктерін марапаттады. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған тағылымды шара барысында ауылдық қоғамдық-саяси, мәдени-спорттық өміріне белсенді араласып жүрген жандар, мен ұйымдар марапатталды.

Атап айтар болсақ, Анна Кривошева, Мұхтар Альшинов, Батыр Бикбаев, Анара Альбековалар ауылдық, аудандық спорттық жарыстардың өтуіне өзіндік үлестерін қосып, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, спортты дамытуда белсенділік танытып жүргендері үшін, «Ақ ниет» әжелер ансамблі, «Калинушка» Орыс ұлттық-мәдени орталығы, «Рiченька»  Украин ұлттық-мәдени орталығы, «Шатлық» татар ұлттық-мәдени орталығы, «Родничок» балалар фольклорлық ұжымы, өнерімен көптің көңілінен шығып жүрген Салима Сакпусунова мен Валентин Сажин ауылдың мәдениетінің дамуына үлес қосқаны үшін, және патриоттық тәрбие беру жолында қызмет жасағаны үшін ақ жаулықты әже Ханшайым Орынбайқызына мақтау қағаздары табысталды.

Сондай-ақ, жыл басында жарияланған «Үлгілі үй» аталымының да қорытындысы шықты. Ол байқауда аудан орталығындағы Гагарин көшесіндегі №102 үй тұрғындары мен Кеңес Берекетов үздік деп танылды.

Түгелбай Бисен

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале