4.10.2016, 11:07
Оқылды: 16

Балғын балуандар жарады

%d0%b4%d0%b7%d1%8e%d0%b4%d0%be%d1%88%d1%8b%d0%bb%d0%b0%d1%80  Орал қаласында  болып өткен қазақ күресінен 1999-2000 жылғы жасөспірімдер арасында «Жас Барыс» атты облыстық турнирге жәнібектіктерде қатысып, жүлделі орындардан көрінді. Атап айтар болсақ,  46 келі салмақта жүлделі 3 орынды Рауан Болатов иеленсе, 51 келі салмақта жүлделі 2 орынды Данияр Қайров қанжығасына байлады.

2003-2004 жылғы кіші жасөспірімдер арасында дзюдо күресінен КСРО спорт шебері, Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Бердіғали Төлегеновтың 70 жылдық мерей тойына арналған ашық турнирде 46 келі салмақта Ғани Еркегулов бозкілемдегі белдесуде қарсыластарынан басым түсіп, жүлделі 1 орынға ие болды.Ғани жартылай финал және финалда Қызылорда және Астана қаласының балуандарын қапы қалдырып, жеңімпаз атанды.Ауданымыздың намысын арқалаған, бағы мен бабы келіскен жерлестеріміз жеңіс төрінен көрініп,  диплом, медальдармен марапатталды.

Сағыныш Сайынұлы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале