16.11.2016, 11:07
Оқылды: 35

Білім беру бөлімінде – алқа мәжілісі

????????????????????????????????????

   Қаратөбе ауданы әкімінің орынбасары Сатқан Өмірзақовтың төрағалығымен, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Берікжан Ғарапшиевтің қатысуымен білім беру бөлімінің алқа мәжілісі өтті.

   Алқа мәжілісінің күн тәртібінде Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің 2016 жылғы 31 қазандағы №471 Н/Қ бұйрығы бойынша Б.Аманшин атындағы ЖОББМ-нің оқу-тәрбие үрдісін нәтижелі ұйымдастыру жұмыстарын зерделеу қорытындысы туралы аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Есенгүл Рабаева баяндады.


  Алакөл НОМ, Төлен, Қалдығайты ЖОББМ, А.Әділов атындағы Жалғызағаш бастауыш мектебі және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі №227 бұйрығымен бекітілген  «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің» қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие беру бағытының орындалуы, ҚР Мемлекеттік рәміздерін қолдану, насихаттау жұмысы жайлы аудандық білім беру бөлімінің тәрбие жұмысы бойынша әдіскері Айдана Төлегенова хабарлама жасады.

Алқа мәжілісінің қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарының басшыларына оқыту және тәрбие процесін бұдан әрі жетілдіру бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Маралбек Амантаев

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале