21.08.2016, 22:21
Оқылды: 23

Бөкей ордасында ауыз су мәселесі шешімін күтуде

b534186b-7d73-49a4-ad91-6fd6d09fa07cОблыс əкімі Алтай Көлгінов Бөкей ордасы ауданы Темір Масин ауылдық округіне қарасты "Нарын" шаруа қожалығында болды. Жəңгір хан атындағы БҚМУ ғалымдарымен тығыз қарым-қатынас орнатқан шаруашылықта 560 бас ақбас тұқымды ірі қара, 1649 бас еділбай тұқымды қой өсірілуде.


Қожалық жетекшісі Нағым Тəжімұратов 20 ажамды жұмыспен қамтып отырғанымен, мал мамандары жетіспейтінін айта келіп, ауылдық округ орталығы Бөрліге газ, ауыз су құбыры əлі күнге тартылмағанын, электр желілері əбден тозғанын құлағдар етті.
Облыс басшысы Алтай Сейдірұлы аудан əкімі Нұрлан Рахымжановқа ауданның бас жоспарына келер жылға ауыз су мəселесін шешуді енгізуді тапсырды, жобалық-сметалық құжатына қажет қаражатты бөлуді қолға алатынына тұрғындарға уəде берді. Ал аудандағы он екі ауылдық округке көгілдір отын жеткізу мəселесін біртұтас қарап, қомақты қаражат бөлуді қамтамасыз ету үшін қазіргі уақытта нақты шешімді кесіп-пішу мүмкін емес.
Басқа да шаруа қожалық иелерімен болған кездесуде Темір Масин ауылдық округінің əкімі Меңдібай Қитанов аудан аумағында Ресейге жалға берілген əскери полигонға қатысты түйіткілдер бар екенін атап өтті. Шекараның арғы жағынан сынақ үшін атылған зымыран қалдықтары белгіленген нысанадан қашық түсіп, шабындықтар өртеніп жатқан көрінеді. Тұрғындар бұл мəселені де назардан тыс қалдырмауды сұрады.
Нұртай Текебаев
www.zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале