5.08.2016, 17:41
Оқылды: 61

ҚР Парламент депутаттары Жаңақала ауданында

ДепутаттарЖаңақала ауданына ҚР Парламенті Сенатының депутаты Рашид Ахметов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Кеңес Ғарапұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ерболат Мұқаев іс-сапармен келді. Депутаттар аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында Елбасының «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарының бес институционалдық реформасын түсіндіру бағытында аудан халқымен кездесті.


 

Қазіргі таңда Жаңақаланың басты мұңы – ауызсу. Осы мәселені көтеріп жүрген жергілікті еңбек ардагерлері, азаматтар депуттарға тіршіліктің қайнар көзі – су тапшылығының мән-жайын айтып, соған баса назар аударып, көңіл бөлулерін сұрады. Сондай-ақ, Құлшықтан су тарту үшін сметалық құжат жасалып, бұл шаруа көп кешікпей оң шешімін тапса деген тілектерін жеткізді.

Кездесуде ҚР Парламенті Сенатының депутаты Рашид Сайранұлы тұрғындар тарапынан қойылған әртүрлі сауалдарға жауап беріп, ауызсу мәселесін шешуге атсалысатынын айтты.

Алтынбек Ермекқалиев

Жаңақала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале