10.11.2016, 8:14
Оқылды: 43

Ертай ақынның «Екеуміз» әні шырқалмақ

Ақ Жайық өңіріне танымал ақын, республикалық, облыстық ақындар айтысы мен жазба ақындар мүшәйраларының жүлдегері Ертай Бимұхановтың «Екеуміз» атты әні жарыққа шықты.

Әннің сөзі мен сазын жазған Е.Бимұханов. Алматы шаһарында танымал композитор Ұлықпан Жолдасовтың дыбыс жазу студиясында жазылған. Орындаушысы Алматы қаласындағы Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжінің студенті Бақтияр Молдазов.

Айта кету керек, бұл ән 1995 жылы өмірге келген. Осы кезге дейін той-томалақтарда шырқалып жүрді.

Бастапқы орындаушылары республикаға танымал ақын Талант Арғынғали мен айтыскер ақын Ерік Бақтығалиев.

«Екеуміз» әні композитор Ұлықпан Жолдасовтың студиясында өңделіп, әрлену жұмыстарын жүргізген Талант Арынғалидың еңбегі зор.
Талант Арынғали бұл әнді ағасы Ертайға тарту ету ретінде жолдады.

Жақын күндері аталмыш ән республикалық телеарналар мен радиолардан берілетін болады.

 

Маралбек Амантаев
Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале