17.11.2016, 15:46
Оқылды: 17

Жарылғышқа қатысты жалған хабар берген

%d0%bb%d0%be%d0%b6%d0%bd%d1%8b%d0%b9-%d0%b7%d0%b2Қарашаның 17-сі күні түнгі сағат 2.15 мезгіл шамасында аудандық аухананының «103» телефон номеріне белгісіз адам хабарласып, Шыңғырлау ауданына қарасты Амангелді елді-мекені тұсында, Амангелді станциясының бірінші теміржолында жарылғыш зат қойылғанын және пойызды тоқтату қажеттігі туралы қоңырау түскен,- деп хабарлайды Шыңғырлау аудандық терроризмге қарсы жедел штабы.

Аталмыш хабарламаға дереу аудандық терроризмге қарсы жедел штабы жиналып, тиісті жұмыстар жүргізілді. Оқиға бойынша  «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің» №273 «Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау» бабына сәйкес (бұл бапта алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған) №162766031000250 қылмыстық іс қозғалды. Арнайы тексеру жұмыстары анықтағандай айтылған жерде ешқандай жарылғыш зат табылмаған.

Қазіргі уақытта жалған ақпаратпен хабарласқан азамат С. анықталып, алдын-ала тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Шыңғырлау аудандық терроризмге қарсы жедел штабы тергеу жұмыстары аяқталған соң келтірілген залалдың мөлшері анықталып, сонымен қатар, құзіретті органдардың шығарған шығындары есептеліп, кінәлі тұлғадан қайтарылатын болады.

Қаршыға Елемесов

Шыңғырлау ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале