9.08.2016, 9:56
Оқылды: 33

Жаңақалада жәрмеңке басталды

жжәрмеңкеЖаңақала ауданы орталығында жылдағы дәстүрмен С.Төлеуғалиевтің базарында Жаңақала ауылдық округінің жәрмеңкесі өтті. Аталмыш жәрмеңкенің мақсаты – ауыл тұрғындарын толыққанды ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етіп, азық-түлік тауарларының бағасын төмендетіп, оларды кедергісіз халыққа жеткізу еді. Жәрмеңкеде аудан тұрғындарына мал өнімдері, бау-бақша өнімдері, мал азығы және басқа да күнделікті қажетті тұрмыстық заттар арзан бағамен ұсынылды.

Аудан жұрты жергілікті сауда орындарынан бағасы әлдеқайда төмен, әрі қара халыққа пайдалы осындай жәрмеңкелер біраз уақытқа дейін жалғасса деген тілек білдірді.

www.zhaikpress.kz

Алтынбек Ермекқалиев

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале