2.11.2016, 16:36
Оқылды: 23

Жаңа төрайым сайланды

????????????????????????????????????

   Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығының тәуелсіздік залында «Тасқала» бастауыш партия ұйымының есеп беру-сайлау жиналысы өтті.

       Жиналысты аталмыш ұйымның төрағасы Мэлс Нәріков ашып, жүргізіп отырды.


  Ол ұйымның екі жылда атқарған жұмыстары жөнінде баяндама жасап, есеп берді. Сонымен қатар жарыссөзге жазылғандар да баяндама жасады. Содан кейін бастауыш партия ұйымының бюро құрамы мен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ХХІ конференциясына делегаттар тізімі ұсынылып, дауысқа салынып, бір ауыздан мақұлданды. Жиын соңында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Думан Ғазез сөз сөйлеп, «Тасқала» бастауыш партия ұйымының жұмысына оң бағасын берді. Сондай-ақ бюро мүшелеріне ұйым төрағалығына Тасқала ауылдық округінің әкімі Светлана Өтемісованы ұсынып, ұсыныс бір ауыздан мақұлданды.

Манас Маратұлы

Тасқала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале