10.08.2016, 11:40
Оқылды: 61

Жерді мақсатты пайдалану - табыс кепілі

жерТамыздың 9-ы күні аудандық мәслихаттың мәжіліс залында аудан аумағында  пайдаланылмай  жатырған ауыл шаруашылығы  жерлерін  мемлекетке қайтару, оларды қайта айналымға тарту мәселелерін шешу шаралары бойынша Қаратөбе   ауданының прокуроры Ғалымбек Мұхитовтың қатысуымен алқалы жиын оздырылды.


 

          Жиналысқа округ әкімдері,  округтердегі шаруа қожалықтарының жетекшілері, ауылшаруашылығы саласының мамандары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

         Кеңес отырысын Қаратөбе  ауданы әкімінің орынбасары Рашит Иманғалиев жүргізіп отырды.

         Баяндамашы: ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің бас маманы Гүлзира Мағзомованың айтуынша 2013 жылы  жерді толық пайдаланбаған  16 шаруа қожалығы анықталған.Оның  13-інің жері мемлекетке қайтарылған. Қалған 3 шаруа қожалығының жері 2014 жылы мемлекет меншігіне қайтарылған. Қазіргі таңдағы мәліметке сай жерді мақсатсыз пайдаланып отырған 10 шаруа қожалығының  аты аталды. Аудан прокуроры Ғалымбек Әлібекұлы Жер кодексіне сай шарттарды орындау,  мақсатсыз пайдаланылып келген жерлерді мемлекетке қайтару  шараларына қатысты заңдылықтарды түсіндіріп, шаруа қожалықтары жетекшілерінің сауалдарына жауап берді.

       jinalis  Ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің бас маманы Қанат Бадақов  субсидия алып, мал басын асылдандыру жұмыстарымен айналысушы  шаруа қожалықтарының  жұмысы туралы, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Нұрбол Бозов  ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы мемлекеттік бағдарламалардың жеңілдіктерін пайдалану, облыстық  кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының басшысы Рысты Тойшыбаева кәсіпкерлер палатасы тарапынан сервистік көмек көрсету туралы,  Қаратөбе ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Аян Жоламанов ағымдағы жылдың 13 тамызында күшіне енетін салық заңнамасы туралы айтып, түсініктер берді.

                                                                   Ерболат Райсов

                                                                       Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале