2.09.2016, 16:47
Оқылды: 25

Жерлестеріміз жеңіс тұғырында

Спорт29-30 тамыз күндері аралығында Орал қаласында Конституция күніне арналған қазақ күресінен 2002-2004 жылы туылған жасөспірімдер арасында ашық қалалық турнирге Қаратөбе ауданының палуандары қатысып, олжалы оралды.


Тыңғылықты дайындықпен барған ауданымыздың палуандары қарсыластарына айласын асырып, оларды тізе бүктірді.

Қазақ күресінің әдіс-тәсілдерін жақсы меңгеріп, жаттықтырушыларының сенімін аяқтаған қаратөбелік шәкірттер жеңіс тұғырынан көріне білді.

Ашық қалалық турнирдің қорытындысында 35 келі салмақта Ақылбек  Асылбекұлы ІІ орынды, Батыр Жылқыбаев, Айдарбек Амантаев ІІІ орынды бөлісті.

38 келіде Дәулет Болатов ІІ орыннан көрінді. 42 келі салмақ дәрежесінде Мұқағали Өтепов І орын, Эльдар Қойшыбаев ІІІ орынды иеленді.

 

Тоты Есқайырова

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале