11.07.2016, 11:14
Оқылды: 14

Заң талаптары бұзылмасын!

Заң талаптарыБөкей ордасы аудандық сот судьясы Сәкен Құдайбергеновтің жетекшілігімен өткен брифингте жартыжылдықта атқарған істер жайы баяндалып, ауылымызда қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жұмыстардың кемшіндігіне баса назар аударылды.


Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз алып, тасымалдағаны үшін аудандық сотта 3 қылмыстық іс бойынша (ҚК-нің 339 бабы) 4 адамға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалыпты. Жалпы, есепті мерзімде 16 қылмыстық іс аяқталса, 4-еуі медиация тәртібімен қаралып, 8 адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Талапкердің арызын қайтып алуына байланысты 1 адамға қатысты іс тоқтатылған.

Сонымен қатар 63 азаматтық іс қаралып, оның 27-cіне шешім, 17-сіне алимент, салық бойынша бережақты өндіру туралы сот бұйрығы шығарылған. Және оның 13-і ісі медиация тәртібімен, 1-еуі тараптардың сол дау бойынша заңды күшіне енген сот ұйғарымы болуына байланысты қысқартылыпты.

Әкімшілік істер бойынша 6 ескерту беріліп, 58 адамға қамауға алынып, мас күйінде көлік құралын жүргізген 11 адам жүргізу құқығынан айырылған. 44 әкімшілік іс қысқартылған.

www.zhaikpress.kz

Раушан БАҚЫТОВА

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале