26.10.2016, 16:38
Оқылды: 14

Интернат тәрбиеленушілерінің жолдастық кездесулері

%d0%b8%d0%bd%d1%82%d0%b5%d1%80%d0%bd%d0%b0%d1%82        Еліміз тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевта Абай атындағы мектеп-гимназия жанындағы интернатта тәрбиеленушілер мен көршілес Мерген ауылындағы орта мектептегі интернаттағы олардың құрбы-құрдастары арасында спорт түрлерінен жолдастық кездесулер ұйымдастырылды. Теннис пен тоғызқұмалақтан мергендіктер өздерінің мықты екендігін дәлелдеп, суырылып алға шықса, Абай атындағы мектеп-гимназия жанындағы интернат тәрбиеленушілері волейбол мен бадминтоннан өздерінің ұшқырлығын көрсетті. Бұл шараны ұйымдастырған мектеп-гимназия тәрбиешілері Эльмира Молдашева, Әлия Мақашева және дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Талғат Есқалиевқа ұл-қыздар шексіз ризашылық арнады.

Бекем Бекұлы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале