23.11.2016, 16:37
Оқылды: 26

«Көк бөрі» қорғаныс бөліміне келді

????????????????????????????????????

   Ақжайық ауданында қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде «25 Жұлдызды күннің» Мемлекеттік шекараға арналған күніне орай Ақжайық агротехколледжіндегі «Көк бөрі» әскери патриоттық клубы мүшелерімен «Ашық есік күні» өтті.


Жиналғандарды қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Мейрам Шутанов, ішкі саясат бөлімінің басшысы Орынша Бақтығалиева, Ауған соғысының ардагері Сағадат Оразғалиев, «Ақжайықтың тәуекел сарбаздары» ҚБ төрағасы Асқар Абдолов құттықтады.

Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Өткен ширек ғасырда Қазақстанды дүниедегі ең мықты мемлекеттер танитын деңгейге жеткізген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ұлан байтақ шекарамыздың шегенделуі үшін де талай күнді алаңдап, талай түнде ұйықтамай, бәйек таппады. Өйткені, шекара бекімесе, егемендігіміз берік болмас еді. Жүздесуде осы туралы баяндалып, Отан қорғауға өрендеріміздің әрқашан дайын болуы туралы айтылды. Бастапқы әскери дайындық жөнінде де тәуелсіздік жылдары ауқымды істер атқарылды, бұл одан әрі өрістей бермек. Жастарымыздың әскери қызметке жауапкершілікпен дайындалудың жарқын бір мысалы аталған кадрлар ұясындағы «Көк бөрі» әскери патриоттық клубы болып табылады.  Кездесу барысында «көкбөріліктер» бөлімдегі мұражаймен танысып, Қарулы Күштеріміздің тарихына қанықты. Қорғаныс бөлімі мен колледж арасында жастарды патриоттық тәрбиелеуге байланысты ынтымақ одан әрі тереңдей бермек.

Бибі НҰР

Ақжайық ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале