20.07.2016, 15:09
Оқылды: 49

Мемлекетке 4 миллион теңге қарыз

мемлекетке карызЖастарды ауылға тартып, оларға барынша көмек беру мақсатында қолға алынған  «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Зеленов ауданына 2009 жыдан бері келген 295 маман тұрғын үй алған. Жыл сайын жас мамандарға берілер көтерме ақы мен пайызсыз несиені рәсімдеп, ауылда қалғысы келетін жастардың да саны артып келеді. Дегенмен, кей жастардың жауапсыздығының кесірі кейін келген мамандарға тиюде. Бүгінгі таңда несие рәсімдеген мамандар оны төлеуге асықпай жүр. Жоғарыда аталған 295 маманның біразы уақтылы несиелерін төлемей қарыздарын өсіріп алған. Қазіргі таңда мамандар мемлекетке 4 миллионнан астам қаржы қарыз.  Олардың қарызының ең төменгі ақысы 200 теңгенің айналасында болса, ең жоғарғы қарыз 400 мыңнан асқан. Сондай-ақ бағдарламаның шарт-талаптарын орындамай, тұрған жұмыстарынан шығып кеткен 3 маман жауапқа тартылуда. Олардың саны өсуі мүмкін екенін айтады аудандық экономика және қаржы бөлімінің мамандары.

Қазіргі таңда тұрғын үй алуға 145 маман ниет білдірген. Олардың тек 95-не ғана 302 миллион 243 мың қаржы бөлініпті. Ол қаржының қазір 139 миллион 165 мыңы игерілді. Ал 39 маман  5 миллион 790 мың көлемінде  көтерме ақы алған.

Түгелбай БИСЕН

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале