7.11.2016, 10:59
Оқылды: 37

Орталықта – жаңа басшы

????????????????????????????????????

   Қаратөбе ауданының әкімі А.Шахаровтың 2016 жылғы 4 қарашадағы №144 өкімімен Қаратөбе аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры болып Тойшыбаев Батырғали Нұрлыбайұлы тағайындалды.

Жаңа басшыны орталық ұжымына аудан басшысы Асхат Берлешұлы таныстырды.


Жаңа тағайындау барысында ауданның гүлденуі мен өркендеуіне сүбелі үлес қосып келе жатырған орталық директоры Батырғали Нұрлыбайұлына тың табыстар тіледі.

Сонымен қатар, аудан бойынша мемлекеттік «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының жүзеге асырылуы, жұмыссыздықты жою, кедейшілікпен күрес т.б. мәселелер сөз болды.

Аудан басшысы А.Шахаров бұған дейін аталмыш орталықтың директоры қызметін атқарған Мейрамгүл Кенжеғалиеваға алғысын жеткізді.

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале