19.09.2016, 10:24
Оқылды: 28

Отбасылар сайысы

%d0%be%d0%bd%d0%b5%d1%80%d0%bb%d0%b8-%d0%be%d1%82%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%8bЖуырда аудандық мәдени-демалыс орталығының ұйымдастыруымен Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай аудандық «Өнерлі отбасы» байқауы өтті.


Аталмыш шараға ауылдық округтерден және аудан орталығынан өнерлі жеті отбасы қатысып, бақтарын сынады. Байқау үш кезеңнен өтіп, әр кезең бойынша отбасылар өз өнерлерін ортаға салды. Байқау қорытындысы бойынша І орынды Мереке ауылдық округінен келген Жарасовтар отбасы жеңіп алса, ІІ және ІІІ орынды Ы.Алтынсарин мектебінің Үмбеталиевтар мен Мерей ауылдық округінің Нукпаевтар отбасы өзара бөлісті. Барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Манас МАРАТҰЛЫ

Тасқала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале