8.11.2016, 12:14
Оқылды: 36

Оқуға шақыратын кітапша

%d0%be%d2%9b%d1%83%d2%93%d0%b0-%d1%88%d0%b0%d2%9b%d1%8b%d1%80%d0%b0%d1%82%d1%8b%d0%bd-%d0%ba%d1%96%d1%82%d0%b0%d0%bf%d1%88%d0%b0        Зеленов аудандық орталық балалар кітапханасының меңгерушісі Зәуреш Габдулиева ауыл балаларына арналған «Памятная книга детства переметнинцев» деген кітап шығарды. Жас жеткіншектерді кітап оқуға шақыру мақсатында жарық көрген кішкентай кітапша ішінде аудан дамуына үлкен үлес қосқан қоғамдық өмірде белсенді адамдардың бала күнінде оқыған шығармалары туралы айтқан естеліктері жинақталған.

Қазіргі таңда аудан орталығында түрлі мекемелер мен бөлімдерде басшылық қызметте жүрген жандар мен мектеп ұстаздарының және зейнеткерлердің естеліктері мен балаларға арналған шығармалардың үзінділері жазылған кітапша жас оқырмандар арасында үлкен сұранысқа ие. Әдемі безендірілген кітапты оқып шыққан балалар ұстаздары мен басқа да танымал жандардың оқыған қызықты кітаптарын жаздырып алатын болған осы күні.

Айта кетейік Зәуреш Габдулиева осыған дейін екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен жерлестеріміз туралы «Пусть поколение помнят» деген кітапты да шығарған. - Ел болашағы саналатын жас ұрпақ тәрбиелілігі ертеңіміздің жарқын болуының кепілі, ал кітап тәрбие құралы. Сондықтан осындай естелік кітапты шығаруды жөн деп таптым. Кітап оқыған жан ешкімнен кем болмайды,-дейді автор.

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале