10.08.2016, 10:00
Оқылды: 27

Парламент Мәжілісінің депутаты Жаңабұлақ ауылындағы Мәдениет үйінің күрделі жөндеуі барысымен танысты

       Парламент Мәжілісінің депутаты Снежана Имашева Ақжайық ауданының Жаңабұлақ ауылындағы Мәдениет үйінің күрделі жөндеуі барысымен танысты. Аудан әкімінің орынбасары Тимур Шиниязов халық қалаулысына аталмыш нысанның жөнделу жұмыстарына қатысты мәлімет берді. Мұнда қазір 15 адам еңбек етуде, оның жетеуі – жергілікті тұрғын. Жаңабұлақтықтар көптен күткен бұл істі оралдық «БатысСтройСервис» ЖШС орындауда. Аталмыш жобаға «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы Ұлттық қордан 25 млн. 348 мың теңге, сондай-ақ, аудандық бюджеттен 14 млн. 777 мың теңге бөлінді.Парламент Мәжілісінің депутаты Жаңабұлақ ауылындағы Мәдениет үйінің күрделі жөндеуі барысымен танысты

Учаске басшысы Кенжебай Нұғмановтың айтуынша, күн райының жауын-шашындығынан жұмыс әу баста баяу жүргізілгенімен, қазір бәрі жоспарлы жүзеге асырылуда. Ол күрделі жөндеу жұмыстарын келісімге сәйкес, қазан айына дейін бітіруге толық мүмкіндік бар екенін айтты. Жұмысшы-қызметкерлер денінің құрылыстан тәжірибелері жеткілікті.

Іс сапасын Мәжіліс депутатымен бірге «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айжан Нысанбаева, облыстық мәслихат депутаты Мәлік Мұхтар, аудандық мәслихат хатшысы Сәлімгерей Сиражев, партиялық бақылау комиссиясы мүшелері бірге қадағалады.

Болат Қосжанұлы

Ақжайық ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале