15.08.2016, 17:21
Оқылды: 31

«Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық»

jylkilarАқжайық ауданында шаруа қожалықтары егер 2014 жылы мүйізді ірі қараның аталығы мен аналығын қосқанда 252 басын, ал 2015 жылы асыл тұқымды 298 бас бұқа, 338 бас қашар, 114 бас қошқар және 140 бас жылқы сатып алған еді. Мал шаруашылығын сапалық сатыға көтеру жөніндегі көрсеткіштер тұрақтанып және еселене түсетіні сөзсіз байқалып отыр.

Аудан бойынша «Сыбаға» несиесіне қол жеткізген алты шаруа 83500 мың теңгеге асыл тұқымды 362 бас аналық, 9 бас бұқа, «Құлан» бағдарламасымен төрт шаруа 230 бас жылқы, 20 бас айғыр (83600 мың теңге), «Алтын асық» бағдарламасымен екі шаруа 1328 бас саулық пен 54 бас қошқар (35900 мың теңге) сатып алды.

Түлік кеселдерінен сақтану жөнінде соңғы барлық апталарда тиісті сала мамандары ауылдарда дүркін-дүркін болып, шаруа қожалықтарында, тұрғындармен де жүздесулер өткізді. Бұл іс одан әрі жалғасуда.

Бекем Бекұлы

Ақжайық ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале