7.11.2016, 10:40
Оқылды: 29

Сырым елінен жеңіспен оралды

 %d1%81%d1%8b%d1%80%d1%8b%d0%bc-%d0%b5%d0%bb%d1%96%d0%bd%d0%b5%d0%bd-%d0%b6%d0%b5%d2%a3%d1%96%d1%81%d0%bf%d0%b5%d0%bd-%d0%be%d1%80%d0%b0%d0%bb%d0%b4%d1%8b Сырым ауданында Байхан Қайратұлы рухына арналған дзюдо күресінен 2005-2006 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы аудандық ашық турнирде Қаратөбе ауданы спортшылары жүлдемен оралды.

Аталмыш додаға облыс аудандарынан 156 спортшы қатысып, олардың қатарында Қаратөбе балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері де болып, бақтарын сынады.


Ойын қорытыңдысында 26 келі салмақ дәрежесінде Айдос Жолдығалиев  ІІІ орынды қанжығасына байлады.

Аталмыш спорт жеңімпазы аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Жақсат Қажимовтың шәкірті.

Райымбек АБАЕВ

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале