Сырым ауданында Байхан Қайратұлы рухына арналған дзюдо күресінен 2005-2006 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы аудандық ашық турнирде Қаратөбе ауданы спортшылары жүлдемен оралды.
Аталмыш додаға облыс аудандарынан 156 спортшы қатысып, олардың қатарында Қаратөбе балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері де болып, бақтарын сынады.
Ойын қорытыңдысында 26 келі салмақ дәрежесінде Айдос Жолдығалиев ІІІ орынды қанжығасына байлады.
Аталмыш спорт жеңімпазы аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Жақсат Қажимовтың шәкірті.
Райымбек АБАЕВ
Қаратөбе ауданы