4.05.2024, 19:00
Оқылды: 47

М.Өтемісов атындағы БҚУ-да «Музыкалық жас көрермен театры» өнер көрсетті

М.Өтемісов атындағы БҚУ сахнасында Астана қаласы әкімдігінің «Музыкалық жас көрермен театры» «Орал – біз біргеміз» атты гастрольдік сапары барысында Орал қаласындағы эвакуациялық пункттегі тұрғындарға өнер көрсетті.

IMG-20240504-WA0107
Дүлей зілзала адамдарды біріктірген қиын кезеңде Астана қаласынан келген театр ұжымы зардап шеккендермен ынтымақтастығы мен бірлігін көрсетіп, М. Өтемісов ат. БҚУ жатақханаларында орналасқан эвакуациялық пункттердің тұрғындары үшін өнер көрсетті.
«Театр әлемі» концерт-қойылымы аясында Абай, Ш.Қалдаяқов және басқа да қазақ ақындары мен композиторларының әндері шырқалып, қиындыққа тап болған адамдарға үміт пен жылулық сыйлады.
«Музыкалық жас көрермен театры» концертінен басқа "Ақжайық" қорына 1,6 миллион теңгеден астам қаражат аударылды, олар зардап шеккендерге көмекке бағытталады.
«Мен осы өңірдің тумасы ретінде қиын кезеңде шетте қала алмадым. Театр ұжымы бір күндік жалақысын су тасқынынан зардап шеккендерге көмек қорына аударды. Біздің концерт қазір қиын жағдайға тап болғандардың көңіл-күйін көтере алады деп сенеміз.
Өзімде осы университет түлегімін. Ерекше естеліктер бар. Студенттердің де біздің шығармашылығымызға деген қызығушылығын көріп қуандым», - деп бөлісті театрдың директоры және көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Асхат Маемиров.
Батыс Қазақстан облысы тұрғындары мен әкімшілігінің атынан әкімнің орынбасары Б.Нарымбетов театр әртістері мен олардың басшысына осы мейірімділік пен ынтымақ қимылы үшін терең алғысын білдірді.

Мөлдір Садырғалиева
М.Өтемісов атындағы БҚУ баспасөз хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале