26.07.2016, 12:59
Оқылды: 23

Табиғат тосын мінез көрсетті

Табиғат тосын мінез көрсетті  25 шілде күні Шыңғырлау ауданы табиғаттың тосын мінезіне куә болды.


Бірнеше күннен бері ала бұлтты болып тұрған аудан аспаны аяқ астынан түнере түсті де дауылды, бұршақты, нөсерлі жаңбыр дүрсе қоя берді.

Әуелі солтүстік-шығыстан, сәлден соң шығысқа ойыса соққан қатты жел қос қабатты бір үйдің төбе жабындысын ұшырып түсірді. Көшедегі билбордтарды жыртып, майыстырып тастаған күшті желден телеграф бағанасы құлаған, электр қуатының желілері зақымданған.  Аудан көлемінде электр қуаты ажыратылып, сақтық шаралары жасалды. Шелектеп жауған жаңбырдан көшелер көлкіген суға толып,  7 тұрғын үйді толық және жартылай су алған.Табиғат тосын мінез көрсетті1

Аудан әкімі А.Есалиевтың  қатысуымен тосын жағдайға байланысты жедел жиын өткізіліп, тиісті шараларды ұйымдастыру жөнінде тапсырмалар берілді.  Жергілікті Төтенше жағдай қызметінің шұғыл әрекетімен толық және жартылай су алған тұрғын үйлер суы арнайы құралдармен сорылып шығарылып, тұрғындарға көмек көрсетілді.Табиғат тосын мінез көрсетті2

Аудандық Төтенше жағдай бөлімі бастығының уақытша міндетін атқарушы Мирас Назаров жағдайды қалыпқа келтіруге және апатты ауыздықтауға 27 адам тартылып, 7 техниканың жұмылдырылғанын хабарлады.

Бүгінгі таңда төтенше жағдайға байланысты арнайы комиссия құрылып, келтірілген шығын көлемі тексерілуде.

Қаршыға Елемесов
Шыңғырлау ауданы
www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале