5.08.2016, 17:19
Оқылды: 21

Тасқалада медиаторлар саны артуда

Медиаторлар саны артуда5 тамыз күні «Нұр Отан» партиясы Тасқала аудандық филиалының мәжіліс залында жастар ресурстық орталығының басшысы Ақылбек Қодаровтың төрағалық етуімен республикалық акция аясында Медиация күніне арналған кездесу өтті.


Шараға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Д.Ғазез, Тасқала ауылдық округінің кәсіби емес медиаторы Н.Қапизов, аудандық соттың бас маманы Р.Хисметдинов, ауыл жастары мен мамандар қатысты.

Кездесу барысында Нұрлан Гимеденұлы атқарылған жұмыстар жөнінде айтып өтіп, ауылдық округтерде медиация мен медиаторлар туралы кеңінен насихатталса екен деген тілегін жеткізді. Күні бүгінде медиация арқылы 11 қылмыстық, 19 азаматтық және екі іс сотқа дейінгі қаралатын даулар өз шешімін тапқан екен.

- Аудан орталығында үш кәсіби емес, бір кәсіби медиатор болса, ал қалған сегіз ауылдық округте бір кәсіби емес медиаторлар тіркелген. Бұл дегеніміз медиаторлардың саны артып отырғанын көрсетеді, - деді аудандық соттың бас маманы Р.Хисметдинов.

Отырыс соңында Ақылбек Ислямғалиұлы медиаторларды насихаттау мақсатында әлеуметтік желілерде оларды таныстыруды және акция ретінде аудан тұрғындарына жадынамаларды таратуға ұсыныс тастады.

Сонымен қатар, медиация күніне орай аудандық соттың ғимаратында кәсіби, кәсіби емес медиаторлардың, прокуратура  өкілдерінің және сот қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілген болатын.

Манас Маратұлы
Тасқала ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале