11.08.2016, 16:16
Оқылды: 13

Тұрғындар саулығы жіті назарда

            туберкулезБөкей ордасы ауданында туберкулез ауруы бойынша ағымдағы жылы 3 адам тіркелді. Олардың екеуі жұмыссыз, біреуі зейнеткер. Олар бактериоскопия және флюрография арқылы анықталып отыр. Сондай-ақ, биылғы бес айда жоспардағы 844-тің орнына 849 балаға Манту сынамасы жасалды. Флюрографиядан 5687 адам (жоспар 5651 адам) өтіп, көрсеткіш 100,6 пайызды құрады. Аудандық ауруханада дүниеге келген 36 нәресте түгелдей БЦЖ екпесін алды. Туберкулездің алдын алу мәселесі бойынша 7 лекция оқылып, 33 жадынама үлестірілді.

Ал, аудандық ветинспекцияның мәліметіне қарағанда, бруцеллез ауруына тексерілген 27421 ірі қараның 521-і, 64298 ұсақ малдың 22-сі оң нәтиже берген. Осыған байланысты күні бүгін 110 ошақтың 80-і тексерілді. Аудандық СЭСО зертханасында Хеддельсон реакциясымен тексерілген 190 адамның 13-інен оң нәтиже байқалды.

Биылғы алты айда антирабиялық көмекке 21 адам жүгінген. Итке қабылғандар-19, мысыққа тырналғандар – 2. Есепті мерзім ішінде қаңғыбас хайуандарды ату ұйымдастырылып, 137 ит пен 1 мысықтың көзі жойылды. Аудандық ішкі істер бөлімі арқылы ит ұстау ережесін бұзған 10 адамға айыппұл салынды.

C.Қадемиқызы

Бөкей ордасы ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале