17.08.2016, 11:23
Оқылды: 31

Шыңғырлауда сала үздіктерін марапаттады

        IMG_5586Шыңғырлау аудан әкімі А.Есалиев құрылыс саласында көп жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан С.Имашев, С.Наурызғалиев, М.Есқайыров, Т.Сәмиевті құттықтады. Ауданымыздағы құрылыстың сапалы, сәнді жүргізілуіне атсалысып жүрген азаматтарға Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Құрылысшылар еңбегінің маңыздылығына, қажеттілігіне арнайы тоқталған аудан басшысы алдағы уақытта да салынып жатқан құрылыс нысандарының уақтылы бітуіне күш салу қажеттігін ескертіп өтті. Альберт Темірболатұлы бөлім басшысы С.Ульяровты зейнет жасына жетуімен құттықтап, ескерткіш сыйлық табыстады. Барлық саналы ғұмырын ауданымыздың көркеюіне арнаған Сағатқали Айтқалиұлына мықты денсаулық, табысты еңбек тіледі.

Адақ Танабайұлы

Шыңғырлау ауданы

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале