19.04.2016, 19:39
Оқылды: 21

Қаратөбеде жоғалған адам табылды  

 

tropaҚаракөл ауылдық округі Ақтайсай ауылының тұрғыны Мұхтар Садықов ағымдағы жылдың сәуір айының 17-сі күні жоқ іздеп, далаға шығып, содан үйіне оралмайды.


 

 Мұхтарды отбасы, ағайын-туыстары кешке дейін күтіп, үйге оралмағасын іздеу жұмыстарын жүргізу мақсатында Қаракөл ауылдық округі әкімі аппаратына, аудандық ішкі істер бөліміне, аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімге, ауыл тұрғындарына хабар беріп, сол күнгі кештен бастап іздеу жұмыстары жүргізіле бастайды.

Құзырлы органдар мен абзал азаматтардың арқасында екі күн бойы із-түзсіз жоғалып кеткен Мұхтар Садықов 19 сәуір күні кешкі сағат 17.00 шамасында Ақтайсай ауылынан 30 шақырым шамасында орналасқан Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Жетікөл ауылы бетіндегі жазғы күркеден паналап отырған жерінен табылады.

Іздеу жұмыстарының нәтижесінде жоғалып кеткен ауыл тұрғыны М.Садықов отбасымен аман-есен қауышты, - деп хабарлайды Қаратөбе ауданы бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімнің бастығы, азаматтық қорғау майоры Манас Шайхиев.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале