12.10.2016, 15:00
Оқылды: 40

Қаратөбе аудандық соты тоғыз айлықты қорытындылады

%d1%81%d0%be%d1%82-%d0%b1%d1%80%d0%b8%d1%84%d0%b8%d0%bd%d0%b310 қазанда Қаратөбе аудандық сотында ағымдағы жылдың 9 айында сот төрелігін жүзеге асыру барысында атқарылған жұмыстарды қорытындылау бойынша брифинг өтті.


Жиынға төрағалық еткен сот төрайымы Бақытгүл Жәңгірова ағымдағы жылдың 9 айында сот төрелігін жүзеге асыру барысында атқарылған жұмыстарды қорытындылап, статистикалық мәліметтерге тоқталып өтті.

Ауданда қылмыстық істер бойынша 9 айда барлығы 13 тұлғаға қатысты 13 қылмыстық іс түсіп, 11 тұлғаға қатысты 11 айыптау үкімі шығарылған.  Бір іс медиация тәртібімен тоқтатылған. Бір тұлғаға қатысты 1 қылмыстық іс бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеп емдеу шарасы қолданылыпты.

Аяқталған 13 қылмыстық іс дыбыс-бейнежазба құралын қолданумен қаралған.

Брифинг барысында азаматтық істер мен әкімшілік істерге тоқталған сот төрайымы Бақытгүл Жәңгірова:

- Аталған мерзімде азаматтық істер бойынша 65 талап арыз түсті. Кері қайтарылған, қабылдаудан бас тартылған талап арыз болған жоқ.

3 іс ҚР АПК-нің 34 бабының 2 бөлігінің 3 тармақшасына сай, соттылығы бойынша қарауға жолданды.

60 азаматтық іс негізінен қаралып, 15 сот бұйрығы, 28 шешім шығарылды, 14 іс тоқтатылды.

Тоқтатылған 14 істің ішінен - 1 іс ҚР АПК-нің 277 бабының 4 тармақшасына сәйкес, яғни талапкердің талап арыздан бас тартуына байланысты, ал 13 іс медиация тәртібімен тоқтатылды.

Әкімшілік істер бойынша есепті кезеңде 179 әкімшілік іс түсіп,  қаралды, оның ішінде 4 тұлғаға ескерту, 37 тұлғаға айыппұл ретіндегі жаза, 94 тұлғаға қамау түріндегі жаза, 13 тұлғаға автокөлік жүргізу құқығынан айыру, 33 іс сот өндірісінен қысқартылды,- деп сот жүйесінің деңгейін одан әрі ілгерілету мен сот жүйесінің беделі және халықтың сотқа деген сенімін жоғарылату мақсатында атқарылар істің көптігін атап өтті.

Серікбай Хасанов

www.zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале