18.07.2016, 16:06
Оқылды: 38

Қаратөбе ауданында кәсіпкерлермен кездесу өтті

Қаратөбе ауданында кәсіпкерлермен кездесу өтті«Нұр Отан» партиясы Қаратөбе аудандық филиалында «Кәсіпкерлікті қолдаудағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы туралы» тақырыпта дөңгелек үстел өтті.


Дөңгелек үстелді кіріспе сөзбен ашқан «Нұр Отан » партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Оразов жиналыстың  мақсат-міндетімен түсіндіріп өтті.

Одан соң «БЖК – 2020» бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Ермек Сайнов «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаржы туралы мәлімдеді.

Кәсіпкерлікке қолдау көрсету бағытында аудандық кәсіпкерлік палатасының жұмысы туралы Рысты Тойшыбаева аталмыш бағдарлама бойынша кәсіп бастауға ниетті жандарға қажетті жұмыс түрлері жөнінде түсінік берді.

Кәсіпкерлікке қатысты мәселелер бойынша аудан прокуратурасының прокуроры Райхан Мұқанова кәсіпкерлік саласы бойынша аудан тұрғындарынан түскен арыз-шағымдар туралы мәлім етсе, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы Асыланбек Бисембай  шаруа бастауға ниетті жандарға екінші деңгейлі банктер ұсынатын шарттарды баяндады.

Дөңгелек үстел аясында кәсіпкерлер сауалдарына арнайы мамандар жауап берді.

Райымбек АБАЕВ
Қаратөбе ауданы
 www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале