13.09.2016, 11:21
Оқылды: 59

Қылмыстың алдын алу керек

%d0%b0%d0%bb%d1%8c%d1%82%d0%b5%d1%80%d0%bd%d0%b0%d1%82%d0%b8%d0%b2%d0%bd%d0%b8%d0%baҚыркүйектің 12-сі мен 18-зі аралығында елімізде «Альтернативник» атты республикалық профилактикалық іс-шара өтуде. Аталған профилактикалық шара қоғамнан шеттетілмеу жазасына кесілген сотталушылардың қайта қылмысқа баруын алдын алу және оның арты қандай жағдайға алып келетіндігін түсіндіру мақсатында жүргізілуде.

Шара барысында Зеленов аудандық №1 пробация қызметінің мамандары учаскелік полиция қызметкерімен бірігіп, сотталушылардың үйлеріне барып, әр шалыс басқан азаматтың әлеуметтік жағдайларымен танысып, қандай көмек керек болып отырғандығын да анықтауда. Сондай-ақ құқығы шектелген азаматтардың жақын-жуықтарымен де тілдескен пробация мамандары қажетті деген барлық құқықтық-әлеуметтік көмекті көрсетуге дайын.

Айта кету керек қазіргі таңда аудан аумағында түрлі ұсақ қылмыс жасап, жазасын өтеп жатырған 47 сотталушы тіркеуде тұр. Профилактикалық шара барысында жазасын өтеушілер сот бекіткен шарттарды бұзғандығы да анықталды. Ондай азаматтарға тәртіптік шара қолданылып, кейбіреулерінің ісі сотқа жолданды.

Бауыржан Есқалиев

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале