1.11.2016, 12:53
Оқылды: 16

Әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

%d3%99%d0%bb%d0%b5%d1%83%d0%bc%d0%b5%d1%82%d1%82%d1%96%d0%ba-%d1%81%d0%b0%d0%bb%d0%b0-%d2%9b%d1%8b%d0%b7%d0%bc%d0%b5%d1%82%d0%ba%d0%b5%d1%80%d0%bb%d0%b5%d1%80%d1%96-%d0%bc%d0%b0%d1%80%d0%b0%d0%bf  Қаратөбе ауданы Сулыкөл ауылдық округінің мәдениет үйінде Әлеуметтік сала мамандарының күні аталып өтті.

Оздырылған жиынға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары, барлық ауылдық округтегі әлеуметтік қызметкерлер, жұмыспен қамту және зейнетақы төлеу орталығының мамандары қатысты. Мерекелік шара әлеуметтік сала бойынша осы кезеңге дейін жасалған жұмыстар туралы шағын бейнекөрсетілім тамашалаумен басталды. Жиынға қатысушыларды аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бақытжан Жүсіпқали құттықтап, алғыс хаттар табыстады.


Аудан әкімінің алғыс хатымен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы Қарлығаш Байниязова мен аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы Аймарал Тілектесова  марапатталса, бөлім басшысының алғыс хатымен Аққозы ауылдық округінің әлеуметтік қызметкері Қылыш Аққалиев, Қаракөл ауылдық округінің әлеуметтік қызметкері Аслан Исмағұлов, Сулыкөл ауылдық округінің әлеуметтік қызметкері Рустам Бисекенов, Жусандыой ауылдық округінің әлеуметтік қызметкері Жаңылсын Исқалиева марапатталды.

Сондай-ақ аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бақытжан Жүсіпқали әлеуметтік саланың жұмысына белсене араласып, даму мүмкіндіктері шектеулі жандардың мұң-мұқтажына аса көңіл бөліп, бірлесіп жұмыс жасағаны үшін Жусандыой ауылдық округінің әкімі Талап Казиев пен аудандық орталық аурухананың әлеуметтік қызметкері Бақыт Айшеваны алғыс хатпен марапаттады.

 Шара барысында әлеуметтік сала мамандарына арналған аудандық мәдениет үйі қызметкерлері ұйымдастырған шағын концерт тамашаланып, аталмыш концертке «Бәрімізде бірдейміз- кемсітуді білмейміз» атты облыстық фестивальдің лауреаттары Кайрат Жұбандықов пен Гүлайна Қантаева қатынасты.

Ерболат РАЙСОВ

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале