27.09.2016, 17:28
Оқылды: 28

Ән-жырымның арқауы – Тәуелсіздік

%d3%99%d0%bd-%d0%b6%d1%8b%d1%80Аудандық мәдениет үйінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Алтын ұя» бөбекжайының ұжымы «Ән-жырымның арқауы – Тәуелсіздік» атты концерт өткізді. Жиналған көпшілік алдымен көздің жауын алатын қолөнер бұйымдарының көрмесін тамашалады. Содан соң сахна шымылдығы әжесі мен немересінің диалогымен ашылды. Әрмен қарай бөбекжайдың музыка жетекшісі Жанбота Сапарова «Менің қазағым» әнін тамылжыта шырқап, көрермендердің зор ықыласына бөленді.

Сонымен қатар Анар Сүйінова «Туған өлкем», Динара  Ғазезова «Ауылым», Света Қарасаева «Туған жер», «Қазақ елі», Эльвира Бахтиярова  «Туған жер», Әйгерім Абайқызы, Жанбота Сапарова «Тек алға!» әндерін орындап, көпшіліктің көңілінен шықты. Сәмбі талдай майысқан бөбекжайдың қыздары «Торсық», «Бәйтерек», «Алға, Қазақстан!», «Ауылға саяхат» билерін билеп, көрермен көзайымына айналды. Бұл концертте тек би билеп, ән салып қана қоймай, тәуелсіздікке жыр да арналды. Атап өтер болсақ, «Тәуелсіздік – тірегім» атты өлеңін көркемсөз шебері Эльвира Бахтиярова нақышына келтіре оқып, көпшіліктің жүрегін тебірентті. Мерекелік көңіл-күй сыйлаған концерттік бағдарлама «Алтын ұя» бөбекжайының ұжымы орындаған «Туған жер», «Атамекен» хорымен өз мәресіне жетті.

Арайлым Рашитқызы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале