12.08.2016, 12:49
Оқылды: 30

«Әр қазақ - менің жалғызым...»

«Әр қазақ - менің жалғызым...»Теректі аудандық терроризм мен экстремизмге  қарсы үгіт-насихат тобының мүшелері Подстепный №1 ЖОББМ-де ата-аналармен кездесті. 


Күн тәртібінде мектепке оқушының орамал тағып келуі, кәмелеттік жасқа толмаған балаларға екпе алудың пайдасы және теріс діни ағымның қоғамға тигізер залалы сынды мәселелер қаралды.

Жиында алғашқы сөз кезегін алған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанаргүл Хусаинова Елбасымыз бекіткен Ұлт Жоспары – «100 нақты қадамдағы» «үлкен ел – үлкен отбасы» ұғымына терең бойлап, бала тәрбиесіне салғырт қарамауды, сондай-ақ, араласып жүрген достары мен әлеуметтік желіде неге қызығатынын қадағалауды ұсынды. Себебі, бала – болашағымыз. Өскелең ұрпақтың тағдыры ешкімді бей-жай қалдырмауы тиіс.

  • Бүгін барлық ата-аналар қауымының өзекті мәселелерді талқылауға жиналғанына өте қуаныштымын. Қазіргі таңда Білім министрлігінің мектептердегі бірыңғай форма жөнінде бекіткен қаулысы үлкен дауға айналып отыр.Қолдайтын да, наразы топ та бар. Ең алдымен, бәріміз оқушылардың мұнтаздай болып, бірдей киінуіне назар аударуымыз қажет. Әйтпесе, мектепте тәртіп орнамайды. Біреу орамал тағып, екіншісі мүлдем өзгеше киініп, «ала-құла» болып жүргеннен не пайда? Білім ордасына балғындар білім алу үшін келеді. Олардың киімнің кесірінен ой-өрісінің дамымай, қоғамнан шеттетілуіне жол бермеуіміз керек. Әр қазақ - менің жалғызым. Олай болса, оқу жылының басталуына аз уақыт қалғанда, «бүйректен сирақ шығармай», тату мәмілеге келейік, - деді «Теректі жаңалығы – Теректинская новь» газетінің тілшісі Аягөз Айбарқызы.

Одан соң аудандық білім беру бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Дамир Мендыбаев мектеп формасы төңірегіндегі ата-аналарды мазалап жүрген сұрақтарға жауап берді. Аудандық орталық аурухананаң  эпидемиологі Динара Қарлыбаева болса, екпенің маңыздылығына тоқталды. Ата-аналар болса, ұстаздар мен комиссия мүшелерінен айына бір рет балалармен бірге тәрбие сағатын өткізуін сұрады.

Кездесу соңында үгіт-насихат тобының мүшелері екпе алудан бас тартқан және қыздарына мектеп формасын кигізгісі келмейтін ата-аналармен оңаша сойлесті.

 

Аяулым Бақтығали

Теректі ауданы

 www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале