7.12.2016, 18:12
Оқылды: 73

Жастардың аймақтық форумы өтті

        Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Мәңгілік ел – мәңгілік мұра» атты жастар форумы өтті. Оған Орал қаласы, Зеленов, Тасқала, Теректі ауданының жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшылары мен белсенді жастары қатысты.

Алыстан ат терлетіп келген қонақтарды алдымен аудан кіреберісінде қазақы дәстүрмен қарсы алып, ақтан дәм татқызды. Мұнан соң форумға келген қонақтар аудандық мәдени-демалыс орталығында ұйымдастырылған «Жауқазын» көрмесі және қолөнер туындыларымен танысты.

Әрі қарай форум пленарлық отырыспен жалғасты. Форумның ашылу салтанатында еліміздің гимні орындалды. Содан соң сахна төріне аудан әкімі С.Әлиев көтеріліп, «Құрметті қонақтар, және аудан тұрғындары, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Тасқала ауданында өткізіліп отырған бұл форумның маңызы зор. 25 жыл ішінде еліміз ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жетіп, теңдесі жоқ қазақстан халқы ассамблеясын құрды. Осы уақыт аралығында экономикамыз көтеріліп, әлемдегі 30 елдің қатарына қосылу міндеті тұр. Қазіргі таңда  жастардың болашағы үшін көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Мәселен «Болашақ» бағдарламасы арқылы көптеген жастар шет елде білім алып келіп, еліміздің гүлденуіне тыңбай еңбек етуде. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы 2011 жылдан бастап ауданымызға 147 жас маман келіп қызмет жасауда. Еліміздің арқа сүйері сіздерсіздер, сондықтан жоғары білім алып, елімізге адал қызмет етулеріңе тілектеспін, сіздерге зор денсаулық, жасап жатқан қызметтеріңіз жемісті болсын»,- деген тілегін жеткізді.

Сондай-ақ аудан басшысы республикалық қоғамдық бірлестігі «Жас Ұлан» біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына тоғызыншы толқынды қабылдау үшін Қ.Сәтбаев,  Ы. Алтынсарин және С.Жақсұғылов атындағы  мектеп оқушыларына төсбелгі мен галстук таққан соң аталмыш ұйымға қабылданған бүлдіршіндер ант беріп, «Жас Ұланның» әнұранын шырқады.

Форум барысында облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының бөлім басшысы Н.Аткешов, Тасқала ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман есепшісі С.Галиева, Шежін желілік өндірістік басқармасы интергаз орталық азиясындағы электромонтер қызметшісі Т.Рахматуллин, Тасқала аудандық ауруханасының  дәрігер статисі С.Жанғалиева форумның мән-маңыздылығына тоқталып, еліміздің одан әрі дамуына өз үлестерін қосу қажет екендерін тілге тиек етті.

Сонымен қатар форумда ҚР Білім және ғылым министрлігі қолдауымен және «KATEV» Халықаралық қорының ұйымдастыруымен 2016 жылы 10-11 науырыз аралығында Атырау қаласында өткен «Жарқын болашақ» VІІІ республикалық  KATEV қазақ тілі олимпиадасының және «Әнші бұлбұлдар» байқауына қатысып, жүлдегері «Бала дауысы-2016» балалар ән байқауының лауреаты А.Қабділманов және Повладар қаласында өткен «Мен чемпионмын» республикалық спорттық сайыстың жеңімпазы А.Мырзабеков сөз сөйледі.

«Өмір сүрудің өзі ерекше құндылық. Біз бейбіт елде білім алып, алаңсыз өмір сүріп жатқандығымыз. Басты ерекшелігіміз балалық шақтың қызықты сәттері. Біздерге білім беру жолында аянбай еңбек етіп, жан-жақты тәрбиелеп, қолдап, қолпаштап келе жатқан ұстаздарға қашанда айтар алғысымыз шексіз. Адам жан-жақты болуы керек деп санаймын. Сабақты жақсы оқып, білімді болып, елімізге пайдамыз тиер азамат болмыз»,-деді ержүрек Айбатыр.

Шарада облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының алғыс хатымен аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ақпараттық талдау жөніндегі әдіскері А.Мукашева, Қосшы ауылдық округіндегі Оян мектебінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Рахметов, «Жас NEW» еріктілер клубының төрағасы, Құрманғазы атындағы саз колледжінің І курс студенті А.Серіков марапатталса, аудан әкімінің алғыс хатын Ы.Алтынсарин атындағы мектеп тәлімгері М.Қайырлы, С.Жақсұғылов атындағы орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі В.Ворнцов, «Сәулет» мектеп-лицейінің тәлімгері Ә.Зайтукова, «Жас NEW» еріктілер клубының мүшелері А.Бақтығалиева, Г.Нигметова және Д.Буранбаев алды.

Есенжол Елекенов

Тасқала ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале