21.11.2016, 15:35
Оқылды: 29

25 жұлдызды күн басталды

%d0%b6%d0%b5%d0%bb%d0%b5%d0%b7%d0%bd%d0%be%d0%b2-%d0%ba%d0%be%d0%bd%d1%86%d0%b5%d1%80%d1%82Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Зеленов ауданында кеңінен аталып өтілуде. Жыл басында басталған мерейлі жыл мерекелері әлі де жалғасуда.

Еліміздің ширек ғасырлық тойына арналған шаралардың бірі «25 жұлдызды күн» атты эстафета. Қарашаның 21-нен желтоқсанның 15-не дейін созылатын мерекелік эстафетаны Железнов ауылдық округі бастап берді.

«Ата заңым-ардақтым» атты мерекелік концертпен басталған эстафета ашылуына арнайы қатысқан аудан әкімінің орынбасары Асылұлан Досжанов: - Биыл еліміз Ұлы Мереке Тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлағалы отыр. Осы жылдар ішінде талай белесті бағындырып, әлемге танылдық. Біздің бүгінгі жетістігіміз бірлігіміздің арқасы. Әрқашан бірлігімізден айырылмай, тату-тәтті ғұмыр кеше берейік,-деп жиналған жұртты келе жатырған мерекелерімен құттықтады. Одан соң Железнов ауылдық округінің әкімі Тілекқабыл Қожағалиев пен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Бибігүл Ахметжанова да өздерінің ақжарма тілектерін білдірді.

Кейін сахнаға ауыл өнерпаздары көтеріліп, өздерінің тәуелсіздікке арнаған әндері мен билерінен шашу шашты. Әсіресе, әжелер тобы мен кішкентай бишілер ұжымының және Полина Сарминаның өнеріне қол соққан көрермен келе жатырған Ұлы Мерекенің лебін сезгендей болды.

Келесі болып эстафетаны қабылдайтын Мичурин ауылдық округі «Рәміздерім – ел мақтанышы» атты дөңгелек үстел өткізуді жоспарлауда. Ауданның барлық ауылына баратын эстафета барысында «Әр елдің қорғаны – шекара», «Өзге тілдің бәрін біл. Өз тіліңді құрметте», «Адам мен қоғам» сияқты тақырыптық кездесулер мен әдеби сазды кештер және дебаттар өткізу жоспарлануда.

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале