22.08.2016, 12:49
Оқылды: 22

Игі дəстүрден бастау алған іссапар

IMG-20160822-WA0029-1Бүгін облыс əкімі Алтай Көлгіновтің Бөкей­ Ордасына жасаған жұмыс сапарының екінші ­күні игі дəстүрден бастау алды. Хан Ордас­ы ауылында биыл 5 гектар жерге 5 мың түп ­қарағай көшеті егіліп, қоршауға алынған еді. Облыс əкімі Алтай Көлгінов пен облыст­ық мəслихат хатшысы Мəлік Құлшар сол алаң­да тал отырғызды.


Бөкей ордасы орман шару­ашылығының директоры Талғат Саматовтың ай­туынша, жаңа отырғызылған қарағайдың 3 мыңдайы ғана бой көтеріп келеді. Жалпы, ауда­ндағы орман алқабын сақтап қалу мəселесі ­жылма-жыл экологиялық ахуал нашарлаған са­йын күрделене түсуде.

Облыс басшысы Алтай­ Сейдірұлы 5 гектар алқаптағы қарағай тұқымын өсіру үшін суландыру жүйесін жасауға­ техника бөлуге ықпал ететінін айтты. Бұл­ үшін уақтылы суғарып, күтімге алуға жерг­ілікті басшы-мамандар жауапты қарауы тиіс­.
Бұдан соң облыс басшысы ауылдағы жеке дəр­іхана мен стоматология кабинетін көрді. Д­əріхана жеке қаражатқа салынса, былтыр аш­ылған жеке тіс емдеу орны "Жұмыспен қамту­дың жол картасы - 2020" бағдарламасы ауқы­мында 1,5 млн.теңгеге жабдықталған.
Кейін облыс басшысы Бөкей ордасы тарихи м­узей кешенін аралап, Жəңгір хан, күйші Дə­улеткерей Шығайұлы сынды танымал тұлғалар­дың кесенелері орналасқан қорымға барды.

Нұртай Текебаев

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале