26.01.2017, 16:47
Оқылды: 58

Ауыл мен аудан арасына қатынауда қиындық бар

Borli akim esep 03  Бұл жайлы Пугачев ауылының тұрғындары Бөрлі ауданының әкімі Алдияр Халеловпен кездесуінде айтты.   

  Жиналыста ауыл әкімі Талғат Қазжанов атқарылған жұмыстарды айтып өтіп, жыл бойына белсенділік танытқан демеушілер мен тұрғындарға ризашылығын білдірді.


  Бөрлі ауданының Пугачев ауылдық округінде мал басы жыл санап көбейіп, тұрғындардың шаруамен айналысу ниеті артып отыр. Мәселен осы жылы округте 5 шаруа қожалығы ашылмақ. Оның үшеуі мал шаруашылығы болса, біреуі картоп егумен, енді бірі алма ағашын өсірумен айналыспақ. Бұлардан өзге округте 35 шаруа қожалығы, екі ЖШС бар.

  Тұрғындар денсаулық сақтау саласы бойынша сұрақтарды көптеп қойды. Ауылға жақын орналасқан шошқа фермасынан ауылға адам төзгісіз иісітің келетіндігі  бұл жылы да айтылмай қалмады. Тұрғындар бір ауыздан аудан әкімінен осы мәселені шешіп беруді сұрады. Ал ауыл ақсақалдары тұмауға қарсы жаппай екпе салынғанда ақпараттың аз болғаны салдарынан үлкен кісілер аталған екпені ала алмай қалғандарын жеткізді. Ауылдықтар жаңа үлгідгі мектеп салу, өмірге қауіп төндіріп тұрған ағаштарды кесу, ауыл ішіндегі жолдардың, қоқыстардың уақтылы тазаланбауын айтып, шағым түсірді.

  Жалпы қай округте болмасын көтерілетін мәселе ортақ. Ауыз сумен 94 пайыз, көгілдір отынмен 91 пайыз қамтылған біздің ауданда бұл мәселелер енді көтерілмесі де анық. Ауылдық ағайынның айтар шағымы мен қояр талабы – ауылдан аудан орталығына қатынайтын маршруттың мүлдем жүрмеуі. Тұрғындардың ашуын туғызған бұл мәселені аудан басшысы біліп отыр. Биылғы жылдың тендерін ұтып алған «Жолаушы» ЖШС-нің өкілдері әр жиында сұрақтарға жауап беріп, ақталып та жатты. Олардың сөзінше Аи-80 бензині аудан орталығындағы жанармай бекеттерінде жоқ. Сол себепті автокөлік иелері Аи-92 маркалі бензинді тұтынуға тура келеді. Қымбат бинзин ауылдан шыққан 2-3 жолаушының тасымалдау шығынын өтемейді-мыс. Ал ауылдықтардың бұл сылтауға айтар жауабы да жоқ емес. Тұрғындар егер маршрут уақытылы кестеге сай  жүрсе, тұрғындар жол бойына шығып, өзге көліктерге отырмас еді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қуантай Шарипов болса, аталған мәселе өз бақылауында екендігін, маршруттардың жүру уақыты да сапасы да түзелетініне уәде берді. Бұл сұраққа жауап берген Алдияр Сансызбайұлы бүгінгі күнге өзекті болып отырған бұл мәселені тездетіп шешу жолдарын қарастырып жатқандарын айтып өтті.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале