10.03.2017, 17:32
Оқылды: 43

Ақсайда қоныстой көбеймек

berez  Өңірдегі өзекті тақырыптарының біріне айналған Бестау және Березов ауылдарының тұрғындарын қауіпсіз аймаққа көшіру мәселесіне байланысты Бөрлі ауданында қарқынды жұмыстар атқарылуда. Әр тұрғынның пікірімен санасып, талап-тілектерін назарға алған өңір басшыларына халықтың ризашылығы зор.


  Березовка мен Бестау ауылдарынан қоныс аударатын тұрғындарға Ақсай қаласындағы көп қабатты үйлерге немесе Аралтал шағынауданындағы жер телімі бар жеке тұрғын үйлерге қоныстануларына не болмаса ақшалай өтемақы алуға мүмкіндік жасалды. Көпқабатты тұрғын үйлерге қоныс аударуға тұрғындардан 270 өтініш (Березовкадан - 253, Бестаудан - 17), ал  жер телімі бар жеке тұрғын үйлерге қоныстануға 95 өтініш түскен болатын (Березовка - 88, Бестау - 7). Оның сыртында Жарсуат ауылына қоныс аударуға бір өтініш, қаржылай өтемақы алуға үш өтініш қабылданды. Бір тұрғынның мұрагерлік құжаттың жасақталмауына және үш тұрғынның қоныс аудару туралы түпкілікті шешімінің болмауына байланысты күні бүгін төрт адамның өтініші қабылданған жоқ.

berezov  Өткен жылдың соңында екі ауылдың тұрғындарын аудан орталығына көшіру қолға алынып, бірінші кезеңде 82 отбасы, жалпы 416 адам Ақсай қаласындағы 5-шағынауданда орналасқан 80 және 75 пәтерлі тұрғын үйлерге көшірілді. Ең алдымен, әлеуметтік әлсіз топқа жататын және 2014 жылдың 28 қарашасындағы келеңсіз оқиғадан зардап шеккен балалары бар отбасылар қоныстандырылған болатын. Тұрғындардың өтініші бойынша аталмыш көп қабатты тұрғын  үйлердің  аулаларына балалардың ойын алаңдары, егде адамдар тынығатын арнайы орындар да салынды.

  Бөрлі аудандық әкімдігі мамандарының мәлімдеуінше, көшірудің екінші кезеңінде 373 үйдің тұрғындары жайлы пәтермен қамтылмақ. Жайлы пәтерлерге 349 үй тұрғындары Березов ауылынан, ал 24 үй тұрғындары Бестау ауылынан Ақсай қаласына қоныстанбақ. Тұрғын үй құрылысы толық аяқталған соң 1455 адам баспаналы болады. Бүгінде Ақсай қаласының орталығындағы Қарашығанақ - 1 шағынауданында 153 пәтерлі 9 қабатты екі araltalүйдің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Аталмыш екі үйдің құрылысын «АзияТехСтрой» және «АТК» компаниялары салуда. Жобаға сәйкес бір бөлмелі  36 пәтер, екі бөлмелі  54 пәтер, үш бөлмелі  27 пәтер және төрт бөлмелі  27 пәтер қарастырылған, көлемдері сәйкесінше 52, 68, 88 және 102 шаршы метр. Көп қабатты тұрғын  үйлер маусым айында пайдалануға берілмек. Одан бөлек Ақсай қаласының Аралтал шағынауданында  бір қабатты 100 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бас мердігер «Марасант» ЖШС үш бөлмелі 50, ал мердігер «Строительная Инициатива» ЖШС  төрт бөлмелі 50 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысын  сапалы жүргізуде. Жоба бойынша тұрғын үйлердің көлемі сәйкесінше 90 және 100 шаршы метрге жуық. Үйлерге қоса қосалқы шаруашылық нысанның құрылысы да қаралған. Тұрғын үйлер барлық сәулет-құрылыс тарапына сәйкес жобаланған, жұмыстар кестеге  сай жүргізілуде. Мердігерлердің  жоспарына сәйкес  мамыр айында  100 отбасы қоныстойын  атап  өтетін  болмақ.

Асылжан  НҰРДӘУЛЕТ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале