18.07.2017, 10:25
Оқылды: 23

52 тұрғынға айыппұл салынды

Ақжайық ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлері жыл басынан бері 365 әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырған. Оның ішінде 312 салық төлеушіге ескерту түрінде, ал 52 салық төлеушіге айыппұл түріндегі (жалпы сомасы 3182854 теңге) жаза қолданылды.


Сондай-ақ ӘҚБтК-нің 272-бабының 1-тармағы бойынша 216 салық төлеуші салық есептілігін уақтынан кешіктіріп табыс еткені үшін ескерту түріндегі шарамен жазаланса, бұрынғы ескерту түріндегі шарадан қорытынды шығармағаны үшін 18 салық төлеуші жалпы сомасы 1157190 теңгеге айыппұл арқалады. Бүгінге соның 952980 теңгесі өндірілді.

Зейнетақы жарналарын уақытында аудармағаны үшін 57 салық төлеуші, оның ішінде ӘҚБтК-нің 91-бабы 6-тармағының 5-тармақшасы бойынша 47 салық төлеуші ескерту, ал ӘҚБтК-нің 91-бабы 7-тармағы бойынша 10 салық төлеуші жалпы сомасы 907273 теңгеге айыппұл түрінде жазаланды. Әлеуметтік аударымдарды уақытында аудармағаны үшін 57 салық төлеуші, оның ішінде ӘҚБтК-нің 92-бабы 2-тармағының 2-тармақшасы бойынша 45 салық төлеуші ескерту, ал ӘҚБтК-нің 92-бабы 3-тармағы бойынша 12 салық төлеуші жалпы сомасы 565939 теңгеге айыппұл түрінде жазаланды.

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале