12.01.2018, 11:28
Оқылды: 38

90 шара жүзеге асқан

Облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов іссапармен Тасқала ауданында болып, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ауданда жүзеге асып жатқан жұмыстармен танысты.

Алдымен, «Азалы ана» монументіне гүл шоқтарын қойып, бабалар рухына тағзым етті. Мұнан соң Ғ.Оспанқұлов аудан орталығындағы «Бөбек» балабақшасында болып, жұмыс барысымен танысты. Айта кетейік, үш тілде тәлім беретін балабақшада 7 топта 120 балдырған тәрбиеленуде.

Айта кетсек, өткен жылы ауданда бағдарламалық мақала бойынша 90 шара өткізіліп, аудан халқының 96 пайызы ат салысқан. Әлеуметтік бастамалар картасының базалық бағыты бойынша жалпы сомасы 3 млн. 314 мың 200 теңге болатын 6 жоба жүзеге асқан.

Д.БЕРІШ,

Тасқала ауданы

111_6703 111_6812

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале