10.08.2018, 18:08
Оқылды: 33

А.Винокуров қоғамдық қорынан Ақжайықтағы үйірмеге сыйлық келді

Биыл 30 сәуірде әлемге әйгілі Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың Атырау қаласында алғашқы қайырымдылық «BikeRide» жобасы аясында велошеру өткені мәлім.vinokurov (2)

Ақжайық ауданының орталығы Чапаевтағы велосипед үйірмесінің жетекшісі Аслан Нұрымов өзінің бірнеше шәкіртімен аталмыш шарада Александр Винокуровпен кездескен болатын. Олимпиада чемпионы Чапаевтағы үйірменің тынысы жайында егжей-тегжейлі сұрастырып, Асланның ізденісіне, жасы 12-13 жастағы 24 шәкіртінің талабына риза болған еді.

Міне, кеше ғана А.Нұрымов пен оның шәкірттері зор бір қуанышқа кенелді. А.Винокуров атындағы спортты қолдау және дамыту қоғамдық қорынан чапаевтық велошабандоздарға арнайы велокиімдер мен құрал-жабдықтар сыйға келді.

Үйірмедегі Орынбай Берік, Қошай Сағжан 2016-2017 жылдары облыс жастары арасында өткен маутинбайк жарыстарының жүлдегерлері. О.Берік – Оралдың ашық біріншілігінің жеңімпазы.

Айта кетейік, жас велошабандоздар үйірмесі БҚО аудандары бойынша тек Ақжайық ауданында жұмыс істеуде.

Бекем БЕКҰЛЫ,

Ақжайық ауданы

Суреттерде: А.Винокуров Атырауда, Аслан Нұрымовпен бірге (А.Винокуров Атырауда, А.Нұрымовпен және оның шәкірттерімен);

балғын велошабандоздар аталған қор берген киіммен

vinokurov (1) vinokurov (4)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале