27.01.2020, 14:55
Оқылды: 57

«Абитуриент Қадыр» қойылымы сахналанды

Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын, жерлесіміз Қадыр Мырза Әлидің 85 жылдығына орай «Абитуриент Қадыр» атты театрландырылған қойылым көрермен назарына ұсынылды. Қойылымның режиссері – Айгүл Лұқпанова.

syrym koiylym (2)

Көріністе Қадырдың жоғары оқу орнына емтихан тапсырып, «Горький и мировая литература» деген билеттің сұрағына шолақ орысшамен журналдардан оқығаны бойынша жауап беріп, «5» деген баға алғаны туралы монолог арқылы айтылды.

Қадырдың бейнесін Сәндібек Өтеғалиев сомдады.

«Сіздің орысшаңыз, кешірерсіз, мүлдем кәдеге аспайды, Дегенмен де сіз тақырыбыңызды әбден білесіз. Бұл сұрақты талапкерлер түгілі, студент, кейбір ұстаздардың өздері біле бермейді. Мұндай сұрақтың емтихан билетіне қалай кіріп кеткеніне таңым бар! - деп біраз отырды.

syrym koiylym (1)

– Әйтсе де қиын сұрақтың өзіне тәп-тәуір жауап бердіңіз. Байқаймын, қалың қазақтың ортасынан келген бір баласың ғой, тілді әлі де үйреніп кетесіз. Құдай қаласа. Сізден түбінде жақсы әдебиетші шығуы әбден мүмкін. Мен сіздің болашағыңызға сенемін. Сондықтан «5» қоям деді. Мен, әрине, өз құлағыма өзім сенбедім. Қуанғанымнан «с-с-с-с» дей беріппін. «Спасибо» дегім келгені ғой», - дейді абитуриент Қадыр қойылымда. Емтиханда «5» қойған ұстаздың алдында мәңгілік қарыздар екенін айтады Қадыр.

Қойылымда бір топ жыр сүйер жас Алматы саябағында Қадырдың өлеңдерін жарыса оқиды. Өлеңшіл жастар рөлінде Есбол Ниетқалиев, Гүлдерайым Опағалиева, Нұрсұлтан Қалешов, Армат Жүсіпқалиев, Гүлім Жантурина, Айкерім Еслямова, Бахытханым Жұмағалиева, Жоламан Еркін ойнады.

Шынар Молданиязова

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале