23.01.2020, 17:53
Оқылды: 240

«Айкөркем» шаруа қожалығы болашақта шұбат дайындамақ

Сырым ауданының Жетікөл ауылдық округіне қарасты «Айкөркем» шаруа қожалығы «Өрбісін» қыстағында қоныстанған.

syrym (1)

Қожалық жетекшісі Қымбат Күсесованың айтуынша, бағымда 200 ірі қара, 732 қой, 4 түйе және 8 бұқа бар. Қаһарлы қысқа дайындалған 6 мың центнер шөп пен қосымша жем қоры мал қоңының түспеуіне басты негіз. Әрі биылғы қыстың жайлылығы біраз жем,шөп үнемдеуге өз септігін тигізсе, жұмысшылардың 70-80 мың айлық жалақысы да уақтылы төленіп отырған көрінеді. Айта кетелік, бұл қожалық болашақта Атырау облысынан түйе сатып алып, шұбат дайындауды да ойластырып отыр.

syrym (2)

Ауылдарына атбасын бұрған аудан әкімі Төлеген Төреғалиев олардың бұл бастамасын қолдауға әзір екендігін айтып, қожалықтың еңбек тынысына оң бағасын берген.

Мүсірбек Әлібекұлы

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале