5.07.2017, 12:45
Оқылды: 35

«Әкелер даңқы жолымен» туристік слеті өтті

борли слетБөрлі ауданында дәстүрлі «Әкелер даңқы жолымен» атты аудандық туристік слет өтті.


Бөрлі аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шараға өңіріміздің жер-жеріндегі туристік клубтар мен ауылық округ командалары қатысты.

Слетте саябақ волейболы, шағын футбол, бес асық, асық ату, қол күресі, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, дойбы, гір спорты,  туристер тұратын орын байқауы, көркемөнерпаздар сайысы, дала газеті байқауы, үлкен туристік эстафета, туристік тағам байқаулары өтті.

Әрбір байқауда үздік шыққандар дипломдармен, кубоктармен марапатталды.

Жалпыкомандалық есепте 340  ұпаймен бірінші орынды Бөрлі колледжі командасы жеңіп алды. Екінші орынға Қарағанды ауылдық округі командасы 339  ұпаймен ие болса, үздік үштікті 338 ұпаймен КПО б.в. компаниясы командасы түйіндеді.

Аида ЕСЕНАМАНҚЫЗЫ

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале