14.02.2017, 19:06
Оқылды: 15

Ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері ауыл тұрғындарымен кездесті

Үшағаш, Соналы ауылдары тұрғындарымен кездескен ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері стратегиялық міндеттерді орындауға қоғамдағы әр сала өкілі атсалысуы қажет деп мәлімдеді.


«Нұр Отан» партиясы Қаратөбе аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Оразов, Қаратөбе колледжінің директоры Мәулен Салахадден бастаған насихат тобы мүшелері жолдаудың мән-маңызының өзектілігі мен межелі істің жүзеге асырылу жолдарына тоқталды.     Ауыл ақсақалы, үшағаштық Нұрлыбай Шонаев Елбасының саясаты аясында ел халқының бірлігімен атқарылған игі істерге ризашылығын айтып, ауылдың тірлігіне байланысты көкейінде жүрген ойын ортаға салды.

Ерболат РАЙСОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале